Әлем • 26 Сәуір, 2018

 Қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын жоғары өкілдердің тоғызыншы халықаралық кездесуі өтті

397 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіп­сіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев бастаған еліміз­дің делегациясы Қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын жоғары өкілдердің тоғызыншы халықаралық кездесуіне қатысты. Іс-шараны Ресей Федерациясының Қауіпсіздік кеңесі ұйымдастырды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

 Қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын жоғары өкілдердің тоғызыншы халықаралық кездесуі өтті

Кездесу барысында бір­қатар мәселелер, соның ішінде халықаралық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатер, халық­ара­лық терроризмге қарсы іс-қимыл, ақпараттық қауіпсіздік, есірткінің заңсыз айналымымен күрес жүргізу және тағы басқа мәселелер талқыланды. Ресей­де тоғызыншы рет өтіп жатқан мұндай кездесу­лерге көптеген мемлекет сарапшылары назар аударады. Сочидегі кездесуге 100-ден астам мемлекеттің қауіп­­сіздік кеңес­тері, құқық қор­ғау және арнаулы органдары, сырт­­қы саясат ведомствола­ры ап­парат­тарының өкіл­дері, сон­д­ай-ақ БҰҰ құрылым­дары­мен бірге түрлі халықара­лық ұйым­д­ар­д­ың қызметкер­лері қатысты.

Н.Ермекбаев «Халық­ара­­лық террористік ұйым­­­дар­­дың стратегиясы мен так­ти­ка­сының дамуы» тақы­рыбындағы баяндамасын­да экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл­ға бай­ла­нысты нормативтік құқық­тық базаны қалыптастыру жөнін­­дегі Қазақстанның іс-қи­мы­лына, еліміздегі терро­ризм­ге қар­сы күштердің ұйым­дас­­тырылу мәселесіне, ТМД, ШЫҰ және ҰҚШҰ аясын­дағы серіктестермен бірлесе атқа­ры­лып жатқан алдын алу жұмыс­тарына тоқтал­ды. Әлемдегі бар­лық мемлекет­тердің терроризм­ге қарсы күрес жүргізуші күш­терін жұмылдырудың маңыз­дылығы атап өтілді. Осыған байланысты, Қазақстан Қауіпсіздік Кеңе­сі­нің хатшысы тоғызын­шы халықаралық кездесудің қатысушыларына Нұрсұлтан Назарбаевтың Терроризмге қарсы күрестің жаһандық желісін (коалиция) құру, сон­дай-ақ Террористік ұйым­­дардың бірыңғай тізбесін әзір­­леу туралы бастамаларын бел­­сенді түрде қолдауды ұсынды.

Сонымен қатар іс-шара аясында еліміздің делегациясы түрлі мемлекеттердің өкіл­дері­мен бірқатар екіжақты кез­десу өткізді. Кездесулер бары­­сында өңірлік қауіпсіз­дікті қам­­та­масыз ету сала­сын­дағы өзара ық­пал­дастық мәсе­лелері талқы­лан­ды. Бұл ретте, Орта­лық Азия мем­ле­кеттерінен кел­ген әріпте­стер қауіпсіздік кеңес­тері аппа­рат­тары деңге­йін­де өңір­лік көпжақты кон­суль­тация­лардың тұрақты тет­ігін құру қажеттігіне назар аударды.